Бес баласының біреуін екі мың долларға сатқан ана ұсталды

07.12.2019 16:18

3 желтоқсан күні ұсталғандарға баланы сату мен сатып алу бойынша айып тағылды

pixabay.com

Американың Кентукки штатында бастауыш мектептің алдында туған баласын бөтен біреулерге сатқан әйел тұтқындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

The Sun басылымының ақпарынша, 31 жастағы Мария Доминго-Перез өзінің бес баласының біреуін белгісіз бір жұпқа сатқан. Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған. Сатып алушылар безбүйрек анаға 2 мың доллар төлепті.

Мектепте осы оқиға жайлы қауесет тараған. Нәтижесінде полиция қызметкерлері әйел мен сатып алушыларды – 37 жастағы Катарина Хосе Фелипе мен 45 жастағы Хосе Мануэль Паскальді қолға түсірді.

Басында безбүйрек ананың полицияға берген жауаптары жалған болып шыққан. Алайда, кейіннен ол кінәсін толық мойындаған. 

3 желтоқсан күні ұсталғандарға баланы сату мен сатып алу бойынша айып тағылды. Саудаға салынған бала мен әйелдің қалған төрт баласы қазіргі уақытта мектеп қызметкерінің қарауында.


Теги: сауда сату