Британиялық Майк Роузхарт 578 мың фунт стерлинг (290 миллион теңгеге жуық) жинап, 24 жасында зейнетке шықты, деп хабарлайды Sputnik.
Роузхарт қазір 27-де. Ол мұндай соманы жинау үшін небәрі сегіз жыл жұмыс істеген.
IT сараптамашы Роузхарт көп шығын шығармай, әрдайым қаражатын үнемдеген. 19 жасында алғашқы үйін сатып алыпты.
"Зейнетке ерте шығу үшін күнделікті өмірде шығының табатын табысыңнан аз болуы керек. Көп адамдар шетелге шығуға, кофе мен жаңа телефон алуға шығынданады", — дейді жігіт.
Британиялық 2010 жылы Канададағы Ivey Business School-да оқып жүргенде зейнетке ерте шығу идеясы туындапты. Ол даниялық астрофизик Джейкоб Лунд Фискердің зейнетке ерте шығу туралы кітабын оқып, шабыттанған.
Майк университетте оқып жүріп, шекара қызметінде жақсы жұмыс тапқан. Әйелі екеуі арзан пәтерді жалға алып, велосипедпен жүрген. Кейін 115 мың фунт стерлигке (60 млн теңгеге жуық) коттедж сатып алды. Олар үйдегі әр бөлмені жалға берген. Осының арқасында коттедждің кредитін жауып, банкте ақша жинай бастаған.
Университеттен соң Майк басқа жұмысқа орналасты. Ол бірнеше пәтер сатып алып, жалға бере бастаған. Қазір олардың екі қызы бар. Ер адам ерте зейнетке шығуының арқасында бар уақытын отбасына бөлетінін айтады.