Сирияда орман өртеген 24 адам өлім жазасына кесілді

©REUTERS
©REUTERS
11 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сирия үкіметі 2020 жылы ірі дала өртіне әкеп соққан қасақана өртеу әрекеті үшін сотталған 24 адам өлім жазасына кесілгенін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Әділет департаментінің мәліметінше, 11 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған, ал кәмелетке толмаған бес бала 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

«Өлім жазасына кесілгендер адам өліміне және мемлекеттік инфрақұрылымға, қоғамдық және жекеменшікке зақым келтірген террористік акт жасады деп айыпталды», – делінген министрлік хабарламасында.

Мемлекеттік телеарна кейбір қылмыскерлер қасақана өртеу әрекеті үшін ақы алғанын мойындағанын көрсеткен. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мәліметінше, көп тұтқын сот немесе тергеу өтпестен өлім жазасына кесілген.

Жергілікті билік Латакия, Тартус, Хомс және Хама провинцияларында 280 қала мен ауылға зиян келтірген 187 орман өртін тіркеген. 


Новости партнеров