Грекияда өткен тәулікте кем дегенде 53 орман өрті тіркелді. Ыстық ауа райы жаңа өрттерді тудыруы мүмкін. Жүздеген адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер елдің шалғай аудандарында, Лесбостың оңтүстігіндегі Дадия ұлттық саябағында және Батыс Македония аймағындағы өртпен арпалысып жатыр. Табиғи апат болған аудандарға Үкімет мүшелері келді.
«Әрі қарай біз өрттің оңтүстік-батыс шетіне барып, жұмыс нәтижесін бақылаймыз, өрттің таралуын тоқтата алатын мүмкіндіктерді қарастырамыз», - деді климат дағдарысы және азаматтық қорғаныс министрі Христос Стилианидис.
Испанияның Тенерифе аралында бейсенбі күні болған үлкен өрттен кейін 600-ден астам адам эвакуацияланды. Испанияда соңғы жылдары өрт салдарынан 140 гектардан астам табиғи көшеттер мен ауылшаруашылық алқаптары зардап шеккен. Аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан туындаған қауіпті жағдай Еуропаның оңтүстігінде ғана емес. Чехияның солтүстігінде, Дечин қаласының маңындағы табиғи паркінің аумағында да орман өрті шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бүкіл Еуропада өрттің шығуына адам факторы себеп болып отыр.