|
27.09.2021 | 11:24
818

Күйеуін улап өлтірген 67 жастағы әйел өлім жазасына кесілді

Әйелдің қылмысқа ақша үшін барғаны белгілі болды

Күйеуін улап өлтірген 67 жастағы әйел өлім жазасына кесілді Сурет: pxhere.com

Жапонияда «Қаралы жесір» атанып кеткен 74 жастағы әйелдің соты болып жатыр. Ол өзіне кесілген өлім жазасына қарсы апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сілтеме жасап.

Бірақ оның бұл шағымын сот қанағаттандырмады. Енді ол дарға асылатын болды.

Оған күйеуі мен екі ғашығын өлтірді, содан кейін мұрагерлікке қол жеткізу үшін танысының өміріне қастандық жасады деген айып тағылып отыр.

Исао Какехи неке агенттігі арқылы 67 жастағы жесір әйел Чисакомен кездескенде 75 жаста еді. Екі айдан кейін олар үйлесімді болып көрінетін қарым-қатынастарын заңдастырып, Жаңа жыл мерекесіне дайындалып, Муко қаласында бақытты өмірді бастайды.

2013 жылдың желтоқсанында ер адам қайтыс болды. Оның өлімі күдікті деп саналды, сондықтан оған сараптама тағайындалды. Марқұмның жүрегінен, қаны мен асқазанынан өлімге әкеліп соққан цианид дозасы табылды. 2014 жылы тергеу аясында жапондық әйел қамауға алынды. Оның ісі бойынша сот процесі 2017 жылдың маусымында басталды.

Бастапқыда Какехи 2007 мен 2013 жылдар аралығында 70 пен 80 жас аралығындағы 10-нан астам ер адамды өлтірді деп күдікке ілінді.

Бірақ дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты төртеуі ғана сотта қаралды. Кейін тергеу барысында Какехи ер адамдарды биоқоспа деп сендіріп, цианид ампуласын жұтуға мәжбүрлеген. Тексеру кезінде марқұмдардың денесінде көп мөлшерде гидроциан қышқылы бар екені анықталды. Удың іздері жапон әйелінің үйінен де табылды.

Қылмысқа ақша үшін барғаны белгілі болды. Ол адам өлтіріп 500-ден 800 миллион иенге дейін (4,5 -тен 7,2 миллион долларға дейін) табыс тапқан. Ол бұл ақшаны сақтандыру компаниялары және жұбайынан қалған мұра арқылы иеленген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир