Швейцарияда теміржол апатынан 12 адам зардап шекті
inform.kz
Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Берн кантонында 2 жолаушы пойызының вагондары рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Теміржолдағы апаттан 12 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жеткен. Жарақаттанған жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Бір адам ауыр халде жатыр деп хабарланды.
Теміржол операторының мәлімдеуінше, апатқа күшті жел себеп болуы мүмкін. Оқиға болған сәтте жақын маңдағы өлшеу стансасы желдің екпіні сағатына 136 км болғанын тіркеген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00