|
01.04.2023 | 12:38
489

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеуші интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан

Бұл дерек Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді

Алматы облысында түрмеде жазасын өтеуші интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан pixabay.com

Алматы облысының прокуратурасы сотталған №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде интернет-алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысының прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 миллион теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.

Бұл дерек 02.03.2023 жылы мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4 – тармағының 190-бабы 3-бөлігі - “алаяқтық” бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.

"Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталғаннн Ж.А.Ш.-дан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап-арна желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған. Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін біздің өңір бойынша және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, мамандандырылған прокуратурамен түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері "қызмет бойынша әрекетсіздік" - ҚР ҚК 370 – бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир