|
08.11.2019 | 11:25
6338

Жүк көлігінен табылған 39 мәйіт: қайтыс болғандардың кім екені анықталды

Кейін полиция қайтыс болғандардың Вьетнам азаматтары екенін хабарлаған

Жүк көлігінен табылған 39 мәйіт: қайтыс болғандардың кім екені анықталды

Ұлыбританияда тергеушілер жүк көлігінен өлі күйінде табылған мигранттарды идентификациялау процедурасын аяқтады, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Эссекс графствосының полициясы 23 қазанда Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапқан еді. Кейін полиция қайтыс болғандардың Вьетнам азаматтары екенін хабарлаған.

Адам өлтірді деген күдікпен Ұлыбритания мен Ирландиядан бес адам ұсталған, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі - 25 жастағы Морис Робинсон бар. Ұсталғандардың үшеуі кепілақымен босатылған.  

"Аға коронер Кэролайн Бизли-Мюррэй қазіргі уақытта қайтыс болғандардың бәрін идентификациялады. Отбасыларына естіртті... Эссекс полициясы тергеуді жалғастырады. Оны Вьетнам полициясымен бірге атқарып жатыр", - делінген хабарламада.  

Полиция одан басқа мәліметтер таратқан жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир