«Сүйек пен шаш табылды»: қожайынын иттері киіміне дейін жеп тастаған

«Сүйек пен шаш табылды»: қожайынын иттері киіміне дейін жеп тастаған
Тергеушілер иттердің адамды түгел жеп қойғанын алғаш рет көргенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Американың Техас штаты тұрғынының денесі табылды. Оны өз иттері жеп қойған, деп жазады Stan.kz.

Ер адам елдімекеннен оқшау жерде өмір сүріп, 18 ит асыраған. Туыстары аптасыны бір рет  келіп, азық-түлік алу үшін дүкенге апаратын. Ер адамның жоғалып кеткенін бірінші болып солар байқаған.

Сәуір айында туыстары оны іздеп үйіне барғанда иттер үріп, кіргізбей қойған. Соның өзінде әрең кіргенде, ол жерден иесін таппай шығады. Сөйтіп,  олар полицияға хабарласады. 

15 мамыр күні учаскеден бірнеше сүйек пен шаш табылды. Сараптамаға сәйкес, иттер иесінің сүйегі мен киімдеріне дейін жеп қойған.

«Бастапқыда біз оны иттер жегеніне сенген жоқпыз. Себебі ешқандай қалдық қалмаған», – деді округ шерифі Джонсон Адам Кинг.

Тергеушілер иттердің адамның денесін толықтай жеп қойғанын алғаш рет көргенін айтты.

Оқиғадан соң 13 итке екпе салып ұйықтатып, екі иттің көзін жойды. Ер адамның үш иті әлі тірі.

57 жастағы Фредди Мэк Винес қаласына жақын маңда тұрды.

Новости партнеров