Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 15 миллионнан асты
total.kz
Ал Қазақстанда 75153 адам індетті жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коронавирус індеті 15 093 246 адамға жұққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
9 101 515 адам індеттен сауығып шыққан, көз жұмғандар саны 618 270 адамды құрады. Тағы 5 363 158 науқас аурумен күресіп жатыр.
Жалпы коронавирус індеті әлемнің 213 елін қамтыды. Науқастар саны бойынша көш бастап тұрған ел – АҚШ (4 023 947 жағдай), кейін Бразилия (2 159 654) және Үндістан (1 194 085).
Осыған дейін ДДСҰ басшысы Адан Гебреесус карантин індетті тоқтатуға қауқарсыз екенін айтқан болатын. Ол тек инфекцияның таралуын баяулатады.
Ал Қазақстанда 75153 адам індетті жұқтырған. 46790 адам сауығып шығып, 585 адам көз жұмды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41