Ливанда электр стансалары істен шықты
ҚазАқпарат
Бүкіл елде жарық жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ливанда отын жетіспеушілігі салдарынан елдегі ең ірі екі электр стансасы істен шықты. Соған байланысты бүкіл елде жарық жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ливанда мұндай жағдай үнемі болып тұрады, жарық өткен демалыс күндері де болмаған. Électricité du Liban мемлекеттік компаниясы осы мәселені шешпекші, бірақ жарық дүйсенбіге дейін болмайтынын ескерткен. Билік отынды әскерилердің қорынан пайдаланбақ, бірақ оны қашан алатыны белгісіз. Адамдар кешке қарай жарықтың сөнетініне әбден үйренген. Бейруттың көптеген аудандарында күн сайын бірнеше сағат электр болмайды. Кейде, тіпті 22 сағатқа дейін сөндіріледі. Көптеген ливандықтарда дизельдік генераторлар бар, бірақ дизельдік отын да тапшы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34