Бразилияның Сан-Паулу штатында 36 адам мерт болды

trend.az
trend.az
Өткен тәулікте өңірде айлық жауын-шашын мөлшері жауған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған нөсерден 36 адам мерт болды. Бұл туралы жексенбіде G1 порталы штат үкіметіне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте өңірде айлық жауын-шашын мөлшері жауған.

Қатты зардап шеккен Сан-Себастьян және Бертиогада бұл көрсеткіш рекордтық 627 және 683 мм жеткен.

Табиғи апаттан көптеген су тасқыны мен көшкін болып, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қираған.

Сан-Паулу штатының астанасын жағалау маңындағы аудандармен және көрші Рио-де-Жанейромен байланыстыратын ірі тасжолдарда жол қозғалысы үзілді.

Жергілікті биліктің мәліметінше, үйінді астынан ондаған адам табылып жатыр.

Бес муниципалитетте ТЖ режимі жарияланды. Көптеген аудандарда су және электр жоқ, ұялы байланыс жұмыс істемейді. Құтқаруға жүзден астам құтқарушы тартылды.

Осыған байланысты жергілікті билік карнавал мерекелеуге арналған ойын-сауық шараларын тоқтатты.

Ел президенті Луис Инасиу Лула да Силва табиғи апат салдарын жоюға көмек көрсетуге уәде етті. Мемлекет басшысы демалысын тоқтатып, дүйсенбіде зардап шеккен ауданға барады.

Новости партнеров