Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған екіжақты пневмония диагнозы қойылған. Дереккөздерге сүйенсек, кеше Атамбаев өзін нашар сезініп, коронавирусты анықтауға тест тапсырған. Тест теріс нәтиже көрсетіпті. Сол күні дәрігерлер онлайн-консилиум өткізіп, бұрынғы президентті стационарлық емдеуге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Ведомство мәліметінше, соңғы аптада Атамбаев бірнеше рет заңгерлермен, жақындарымен кездесіп, қағаздар мен заттарды қолдарымен тапсырған. Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталған болатын.
Еске сала кетейік, жуырда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталған болатын.