20 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 8,6 миллионнан асты. Бұған Джонс Хопкинс Университеті жобасының дерегі дәлел, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Университет мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырған 8 641 120 адам бар, 459 474 науқас қайтыс болды, 4 234 310 адам сауығып шықты.
Вирусты ең көп жұқтырғандар тіркелген елдердің алғашқы ондығы өзгеріссіз қалды. АҚШ әлі де алда тұр. Бразилияда вирус жұқтырғандардың саны миллион адамнан асты. Алғашқы ондық мынадай:
АҚШ - 2 220 961 жұқтырған, 119 112 адам қайтыс болды,
Бразилия - 1 032 913 жұқтырған, 48 954 қайтыс болды,
Ресей - 568 292 жұқтырған, 7831 қайтыс болды,
Үндістан - 380 532 жұқтырған, 12 573 қайтыс болды,
Ұлыбритания - 303 285 жұқтырған, 42 546 қайтыс болды,
Испания - 245 575 жұқтырды, 28 315 қайтыс болды,
Перу - 244 388 жұқтырған, 7461 қайтыс болды,
Италия - 238 011 жұқтырған, 34 561 қайтыс болды,
Чили - 231 393 жұқтырған, 4 093 қайтыс болды,
Иран - 200 262 жұқтырды, 9 392 қайтыс болды.