«Әлем жаңа және өте қауіпті кезеңде»: ДҰҰ басшысы мәлімдеме жасады

REUTERS©
REUTERS©
18 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша орнаған рекорд пандемияның тез таралып жатқанын білдіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

18 маусымда әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша орнаған рекорд пандемияның тез таралып жатқанын білдіреді. Бұл туралы брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ДДҰ басшысы ұйымға жаңадан 150 мыңнан астам COVID-19 жұқтырған адам тіркелгені туралы мәлімет айтты, бұл ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.

Ол вирус жұқтырғандардың жартысы Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиесілі екенін айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста айтарлық көп науқас тіркелді.

«Әлем жаңа және өте қауіпті кезеңде»,  – деді Гебрейесус.

Ол адамдардың үйде отырудан шаршағанын, ал үкіметтер экономиканы жандандырғысы келетінін айтты.

«Бірақ вирус әлі де жылдам тарап жатыр, ол әлі де қауіпті және адамдардың көбі әлі күнге дейін әлсіз»,  – деп ескертті ДДҰ басшысы.

ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус инфекциясы 8,35 миллионнан астам адамнан анықталды, оның 450 мыңы қайтыс болды.

Новости партнеров