Жапонияда сакура гүлдеді

Яндекс.Дзен
Яндекс.Дзен
Ең бірінші сакура 11 наурызда Хиросима префектурасында гүлдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы көктем Күншығыс елінің тұрғындарын сакураның әдеттен тыс тым ерте гүлдеуімен таңғалдырды. Шие ағаштары бұл жолы жылсайынғы мерзімнен екі апта бұрын бүр жарып, айналаны хош иіске бөледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Жапонияда биыл шие ағаштары өте ерте гүлдеді. Мұндай жағдай ХХІ ғасырда алғаш рет болып отыр.

Ең бірінші сакура 11 наурызда Хиросима префектурасында гүлдеді. Бұл әдеттегіден екі апта ерте.

Жапон шиесінің бұл гүлдеуінің шарықтау шегі 22 наурызда болып, көктем иісіне толы керемет кезең бір аптаға, яғни 29 наурызға дейін созылады.

Сакура гүлі – Күншығыс елінің бейресми символы. Алқызыл түске көмкерілген бұл тамаша көріністің куәсі болу үшін жыл сайын мыңдаған турист Жапонияға қарай ағылады. Гүл жамылған теңдессіз шақты суреттер топтамасынан тамашалаңыз.



Новости партнеров