Түркияның бірнеше провинциясында су тасқыны болды
открытые источники
Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шегіп, бір адам жүрек талмасынан көз жұмға
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркияның Қара теңіз жағалауында толассыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болып, көпірлер қираған және бірнеше ауыл жарықсыз қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Су тасқыны Синоп, Бартын, Карабюк және Кастамону провинцияларында болған. Түркияның солтүстік провинциясы Бартында көпір қираған. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шегіп, бір адам жүрек талмасынан көз жұмған.
Төтенше жағдайлар және табиғи апат басқармасының (AFAD) мәліметінше, 12 ауылда жарық өшкен. Сондай-ақ ғимараттардың бірінші қабаты су астында қалған. Су көліктерді шайып кетуде. Қазіргі уақытта іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Тұрғындарды су басқан үйлерден эвакуациялауда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34