Литвада жаңа президент сайланды

РИА Новости
РИА Новости
Оны сайлаушылардың 68,4% қолдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Литвада президенттік сайлаудың екінші туры аяқталды. Бұл туралы Delfi жазды.

Президенттік сайлауда көп дауыс жинаған тәуелсіз кандидат, экономист Гитанас Науседа жеңді. Оны сайлаушылардың 68,4% қолдады.

Оның қарсыласы, бұрынғы қаржы министрі Ингрида Шимоните дауыстың 30,3%-ын жинады.

Дауыс санын есептеу жалғасуда, бірақ нәтижесі айтарлықтай өзгермей жатыр.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін Науседа Мәскеумен бұдан да жақсырақ дипломатиялық қатынас орнатқысы келетінін айтты. Ол Ресей мен Украина арасындағы қатынастың қысымы айтарлықтай төмендесе, онда оң өзгеріс күтуге болатынын атап өтті.

Бірінші тур 12 мамырда өтті. Ол кезде президент постына 9 адам таласты. Науседа 30% дауыс жинады, ал Шимоните одан 1% төмен жинады.

Литва азаматтары президентті 5 жылға сайлайды. 2009 жылдан бастап бұл лауазымға Даля Грибаускайте отырды. Ол 2014 жылы екінші рет қайтып сайланды.


Новости партнеров