Ірі жол апаты: 100-ден астам көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты

12.02.2021 в 16:39

Бұл туралы Dallas Morning News басылымы жазды

Техас штатында 100-ге жуық көлік соқтығысып, ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Dallas Morning News басылымы жазды.

Полиция жолдағы көктайғақ оқиғаға себеп болғанын айтты. Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Мэтт Завадскидің айтуынша, 36 адам жарақат алып, бірнеше адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Жол апаты болған трассаның екі бағыты да уақытша жабылды.