Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды
Фото ВВС
50 мумияның 12-сі бала
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Тоғыз метр тереңдегі мола Мысырдың Минья провинциясындағы Туна әл-Ғәбәл ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. 50 мумияның 12-сі бала. Олар төрт қабірге бөліп жатқызылған.
Мумиялардың кейбірі матамен оралған, кейбіреулері тас табыттарда жатыр.
Қазба жұмыстары кезінде жерлеуге қолданылған бетперделер мен саздан жасалған ежелгі бұйымдар да табылды.
Археологтардың айтуынша, мола Мысыр тарихының грек-рим кезеңіне (б.з.б. 330-305 жж.) тән.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10