Цирктегі қойылым кезінде аю қожайынына шабуыл жасады
tengrinews.kz
Оқыс оқиға орын алса да, цирктегі шоу жалғаса берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Карелия республикасының Олонец қаласында цирк қойылымы кезінде аю өз үйретушісіне тап берді, деп хабарлады BAQ.KZ.
23 қазан күні кешке болған оқыс оқиғаның видеосы Желіде тарап кетті.
"Кадрларда үйретушінің айтқандарын екі етпей орындап жүрген аюды байқауға болады. Кейіннен жабайы жануар аяқ астынан ер адамды тарпа бас салып, жерге құлатады. Цирктің екінші қызметшісі дереу жүгіріп келіп, жыртқыш аңды аяғымен тепкілей бастайды. Алайда, жануар оның бұл әрекетіне назар аудармайды", - делінген хабарламада.
Видео авторының мәліметінше, оқыс оқиға орын алса да, цирктегі шоу жалғаса берген. Әйелдің айтуынша, ер адам аман-есен. Дегенмен, оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Цирк көшпелі болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37