Қазақстан «Doing Business» рейтингісінде 25 орынға тұрақтады

twitter.com
twitter.com
Doing Business рейтингісінде Жаңа Зеландия, Сингапур және Гонконг көш бастап тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осылайша ол 28 орыннан 3 сатыға жоғарлаған. «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясын арттыру Үкіметтің әрекет етіп тұрған заңнаманы реформалау, рұқсат жүйесін жетілдіру, бизнес құру рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру және еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстарының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша бизнесті дамыту үшін жағдайларды жақсарту жұмыстары әрі қарай жалғастырыла бермек. Дүниежүзілік банк жыл сайын бизнесті жүргізу жағдайларының қолайлылығы бойынша 190 мемлекеттің рейтингін жариялайды. Талдау 10 көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Айта кету керек, «Doing Business-2019» рейтингінің көш басында Жаңа Зеландия және Гонконг елдері орналасқан.

Новости партнеров