Жойқын апат салдарынан бірнеше жол шайылып кетті
Кенияда нөсер жауын мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 154 адамға жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. Кения үкіметінің ресми өкілі Исаак Мваураның дүйсенбі күні кешке Кения астанасы Найробиде жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Шығыс Африка елінің бірнеше бөлігінде жауған Эль-Ниньо жаңбырынан туындаған жойқын су тасқыны салдарынан бірнеше жол шайылып кетті.
- Зардап шеккен аудандарда жолдардағы жөндеу жұмыстары жауын-шашын көлемі, су деңгейі және көлік қозғалысы жағдайына байланысты жүргізіліп жатыр, - деп қосты ол.
Мваура сондай-ақ осы аптадан бастап 11 желтоқсанға дейін бүкіл елде нөсер жауын жауып, күн күркірейтінін хабарлады.
Ол тоқтаусыз су тасқыны тырысқақ және өзге де аурулардың таралуына әкеліп соқтырғанын атап өтті.
Денсаулық сақтау органдары Кения жағалауындағы Ламу округінде тырысқақ ауруына шалдығудың 103 жағдайын растады, оның салдарынан екі адам қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Еуропадағы қыс: Германияда үш адам қаза тапты