Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында тасжол көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады», - деп хабарлады жергілікті билік.
Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Еуропаның оңтүстігінде аптап ыстықтан 4 адам көз жұмды