Блогер қызды өлтірген жігіт оқиға орнынан селфи түсірген (ФОТО)

Блогер қызды өлтірген жігіт оқиға орнынан селфи түсірген (ФОТО)
Ол қыз баламен екі ай бұрын танысу сайтында танысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-та кәмелетке толмаған Instagram блогер Бьянка Дэвинс кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Басты күдікті - Брэндон Кларк. Ол қыз баламен екі ай бұрын танысу сайтында танысқан. Полиция мәліметінше, күдікті Дэвинстің тамағына пышақ ұрып, өлі денесінің суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған. Сондай-ақ, күдікті полиция шақырып, селфи түсірген.

«Бәлкім бұл менің соңғы постым шығар. Олар менің соңымнан келе жатыр. Мен өте жаман іс жасадым. Өте өкінішті», - деп жазды ол суреттің сипаттамасында.

Кларк құқық қорғау органдарының мамандары келген уақытта өз-өзіне қол салмақшы болған. Алайда оны құтқарып үлгерді. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ота жасалғаннан кейін оған кісі өлтіру бойынша айып тағылды.  

Instagram блогерінің әпкесі Оливия Девинс кейінірек әлеуметтік желіде Кларктың отбасылық дос болғанын айтты.  

Оның неліктен мынадай ауыр қылмысқа барғаны тексеріліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екеуі ұрысып қалған болуы мүмкін.



Новости партнеров