Boeing 777 жолаушылар ұшағы Американың Денвер қаласынан ұшып шыққаннан кейін оң жақ қозғалтқыштың барлық қаптамасын жоғалтып алды. Оның сынықтары тұрғын аудандарға түсіп, қозғалтқыш жанып кеткен. Бортта да, жерде де ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы ВВС агенттігі жазды.
Бортында 231 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған ұшақ аман-есен оралып, Колорадо штатының Денвер әуежайына қонды. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. United Airlines рейсі Гонолулуға бет алған. АҚШ Федералды азаматтық авиация басқармасы ұшақтың оң жақ қозғалтқышы істен шыққанын хабарлады. Брумфилд қаласының полициясы аудандардың біріндегі бір қабатты тұрғын үйдің алдындағы көгалдарда жатқан қозғалтқыш гондоласының алдыңғы бөлігі көрінетін суреттерді жариялады. United Airlines әуе компаниясы ұшқаннан кейін қозғалтқыштың істен шыққанын растады. Оның мәлімдемесінде Boeing 777 ұшу әуежайына аман-есен оралғаны айтылған. Сақтық шарасы ретінде оны апаттық бригадалар қарсы алған, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жарақат алған-алмағаны туралы хабарланған жоқ. Қазіргі уақытта қозғалтқыштың істен шығуына не себеп болғаны белгісіз. Федералды азаматтық авиация басқармасы мен Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңес тергеу жүргізеді.