Боксшы нокауттан кейін комаға түсті (видео)
sputniknews.kz
Боксшы Патрик Дэй қарсыласы Чарльз Конвелдің жойқын соққысынан кейін құлап түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Америкалық боксшы Патрик Дэй отандасы Чарльз Конвелмен жұдырықтасқаннан кейін шұғыл ауруханаға жеткізілді. Патрик ауыр нокаутқа түсті, оны рингтен зембілмен алып кетті.
Патрик ауруханаға барар жолда есінен танып қалды, содан кейін ол комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер миға жедел операция жасады. Қазіргі уақытта олар спортшының өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, деп хабарлады Sputnik.
Басылымның мәліметінше, дәрігерлер боксшының жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Айта кетейік, Патрик Дэй мен Чарльз Конвелл жекпе-жегіндегі нокаут оныншы раундта болды.
Кездесу Чикагода Александр Усик пен Чэз Уизерспун арасындағы жекпе-жектің андеркардында өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32