|
14.10.2019 | 11:52
2820

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы тағайындалды

Ол Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университетін және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы тағайындалды пресс-служба акимата Алматы

Қала әкімінің өкімі бойынша Еркебұлан Оразалин Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Е. Оразалин 1981 жылы 16 тамызда туылған. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университетін және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Абай атындағы Алматы университетінің аспиранты болып бастаған. Түрлі жылдары Алматының Ақпараттық-талдау орталығында, «Әлемдік экономика және саясат институты» ҚҚ жұмыс істеген.

2010-2012 жылдар аралығында «Алматы» ӘКК» АҚ-да инвестициялар жөніндегі департамент директоры болды.

2012-2016 жылдар ішінде Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылдан Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир