Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 21,6 миллионға жуықтады

17.08.2020 16:53

Дүниежүзілік ДСҰ сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 260 760 адамды құрайды

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 21,5 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, 17 тамыз сағат 07.15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирус 21 млн 593 607 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 773 685, жазылып шықты – 13 млн 593 678 науқас.

Коронавирус ең көп анықталған 15 ел:

АҚШ - 5 402 803

Бразилия - 3 340 197

Үндістан - 2 589 682

Ресей – 920 719

Оңтүстік Африка Республикасы – 587 345

Перу - 525 803

Мексика - 517 714

Колумбия - 456 689

Чили - 385 946

Испания - 343 813

Ұлыбритания – 320 343

Сауд Арабиясы – 298 542

Аргентина – 294 569

Пәкістан – 288 717

Бангладеш – 276 549

Италия – 253 915

Франция – 252 965

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы соңғы статистикаға сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 21 260 760 адамды құрайды. Қайтыс болды – 761 018 адам.