Сауысқан 76 жастағы ер адамды өлтірді

Сауысқан 76 жастағы ер адамды өлтірді
Сауысқан осы кезге дейін бірнеше рет адамдарға шабуыл жасапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Австралияда 76 жастағы ер адамды сауысқан өлтіріп қойды. Оның шабулына төтеп бере алмаған егде жастағы ер адам қайтыс болған. Бұл туралы ABC News сайтына сілтеме жасап lenta.ru хабарлайды.

Аты жарияланбайтын австралиялық Оңтүстік жаңа Уэльс штатындағы Вуллонгонг қаласына жақын маңдағы саябақта велосипедпен серуендеп жүрген кезде оған құс шабуыл жасаған.

Ол құстан алшақ кетуге тырысқанда велосипедтегі адам қоршауға құлап, соның салдарынан басынан ауыр жарақат алады. Жергілікті тұрғындар жапа шеккен адамға жедел-жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетеді.

Оны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізеді. Дегенмен, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, велосипедші қайтыс болды.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, ер адам ауыр жағдайға тап болған саябақта ерекше агрессивті сауысқан мекендейді екен. Ол осы уақытқа дейін бірнеше рет адамдарға шабуыл жасаған. Бұл ауданда 8 шабуыл тіркелген. Өз жемтігін іздеп сауысқан ұясынан алыс биікке ұшады. Айтпақшы, әлгі құс жақында сол маңдағы балаға да шабуыл жасаған көрінеді.

Қалалық билік алдағы уақытта агрессивті құс кездесіп қалуы мүмкін деген ескерту белгілерін құс мекендейтін аумаққа орнатпақ.


Дереккөз: sn.kz

Новости партнеров