Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шамалғандағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Зардап шеккен әйел мен екі бала әлі ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы ауыр, дәрігерлер аман алып қалу үшін барын салып жатыр», - деqді Тұрғымбаев.
Ол жол апатына қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Бес-алты сараптама белгіленген.
15 қыркүйек күні кешке Алматы-Шамалған теміржол өткелінде «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен Қаскелеңге бара жатқан рейстік автобус соқтығысты.
Соңғы мәлімет бойынша, бір адам – автобус жүргізушісі қаза болды, тағы үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр – ол 33 жастағы әйел мен екі баласы.
Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.