|
23.01.2019 | 11:58
4346

WhatsApp хабарлама жіберуге қатысты шектеу қойды

WhatsApp хабарлама жіберуге қатысты шектеу қойды

Бүгінде ең танымал мессенджерге айналан WhatsApp қолданушылары ендігі бір хабарламаны 5 реттен артық жібере алмайды. Бұл туралы Facebook (WhatsApp-тың иесі) компаниясының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Виктория Гранд мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

WhatsApp-тың коммуникациялар бөлімінің басқарушысы Карл Вугтың сөзінше, мұндай өзгерту 21 қаңтардан бастап енгізілді. Бастапқыда мессенджердегі өзгеріс Android қолданушыларына, артынша iOS қолданушыларына қолжетімді болады.

Айта кетсек, мұндай шектеу жарты жыл бұрын Үндістанда енгізілген еді. Себебі билік WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат көп таралатынын айтып айыптаған еді. Артынша компания тәжірибені сәтті деп тауып, оны бүкіл қолданушыларға таратуды жөн көрді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир