Әлемдегі ең беделді әйел кім

Сурет: Еpa/Valda Kalnina
Сурет: Еpa/Valda Kalnina
Forbes нұсқасы жария етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Урсула фон дер Ляйен Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйел атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен екінші жыл қатарынан әлемдегі ең беделді әйел атанды. Бұл қызметті 2019 жылдан бері атқарып келе жатқан неміс саясаткері Еуропа орталық банкінің президенті Кристин Лагардты, АҚШ вице-президенті Камала Харристі және Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді басып озды.

65 жастағы Фон дер Ляйен 450 миллионнан астам еуропалыққа қатысты заңнамаға жауапты лауазымды атқарған алғашқы әйел.

Бесінші орында Тейлор Свифт тұрды, ол өзінің рекордтық Eras әлем турнесінде 850 миллион доллар табыс тапқан. Бір қызығы, әнші өткен жылғы топ-тізімде 79-орын алды.

Оқи отырыңыз: Кениядағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 154 адамға жетті

Новости партнеров