Де Силва байқаудағы жеңісін жалғызбасты аналарға арнады
Тұрмыстағы әйелдер арасында жыл сайын өткізілетін «Шри-Ланка ханымы» байқауында жеңіске жеткен Пушипка Де Силва бас жарақатын алып, ауруханаға барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі bbc.com сайтына сілтеме жасап.
«Шри-Ланка ханымның» финалы жексенбіде теледидардан тікелей эфирде көрсетілді. Жеңімпаз жарияланғаннан кейін «Әлем ханымы »атанған Каролин Джури Де Силваның тәжін тартып алды. Ол Де Силваның ажырасып кеткендіктен, байқаудың ережесіне сай жеңімпаз бола алмайтынын алға тартты. Дегенмен ұйымдастырушылар Де Силвадан кешіріп сұрап, тәжді өзіне қайтарды. Себебі, жеңімпаз ару күйеуімен бірге тұрмағанымен, әлі сот шешімі бойынша ажыраспаған.
Де Силва байқаудағы жеңісін жалғызбасты аналарға арнады.
«Қазір Шри-Ланкада мен сияқты жалғызбасты аналар аз емес. Мен бұл тәжді балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдерге арнаймын», – деді ол.
Де Силва полицияға мән-жәйді айтқаннан кейін, тәртіп сақшылары Джури мен ұйымдастырушылардан жауап алды. Нәтижесінде бүлік шығарған Джури мен модель Чулу Манамендлу қамауға алынды.