Аргентинада малдар қырылып жатыр
euronews.com
Құрғақшылықтан елде табиғи өрттер көбейген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Аргентинада ұзаққа созылған құрғақшылықтан малдар қырылып жатыр. Санта-Фе провинциясында 4 ай бойы жаңбыр жаумаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің үш мың сиыры қырылып қалған.
Жергілікті мамандар құрғақшылық жалғаса берсе, Аргентинадағы сиырлардың жартысы қырылып қалуы мүмкін деген болжам жасауда.
«Наурыз бен сәуір айларында жаңбыр жаумаса, елде азық-түлік саласында айтарлықтай қиындық туындайды», – дейді фермерлер. Сондай-ақ құрғақшылықтан елде табиғи өрттер көбейген.
Айта кетейік, Аргентинада құрғақшылық үш жылдан бері жалғасып келеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53