АҚШ Ай бетінен пайдалы қазбалар іздемекші
Бұл туралы Reuters басылымы жазған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
АҚШ президенті Дональд Трамтың әкімшілігі Айда пайдалы қазбаларды табу мақсатында халықаралық келісімшарт құрастыруда, деп хабарлайды Stan.kz.
"Артемида келісімшарты" атты халықаралық құжат арқылы АҚШ өзінің айналасына серіктестерін жинамақшы. Алдағы он жыл ішінде олар Айда пайдалы қазбаларды іздестіруге көшеміз деген ниетте.
Құжатқа сәйкес, бірнеше апта бойы АҚШ ғарыш саласындағы серіктес мемлекеттермен, атап айтсақ, Канада, Жапония, Еуропа және БАӘ мемлекеттерімен келісім жүргізеді-мыс.
Атап кетерлік жайт, АҚШ пен басқа да мемлекеттер Айды ғарыштағы маңызды стратегиялық нысан ретінде бағалауда. Ғалымдар алдағы уақытта Жер серігі Марсқа апаратын алтын көпір болады деген болжам жасаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52