|
14.02.2020 | 12:10
2094

«Кейбіреулер жылап-сықтап жүр»: студент қыз Ухань қаласындағы жағдайды айтты

Украиналық студент тысқа шығуға қорқып отырғанын айтады

«Кейбіреулер жылап-сықтап жүр»: студент қыз Ухань қаласындағы жағдайды айтты © facebook/Ирина Чуйко

Ухань қаласында тұратын украиналық студент Ирина Чуйко Украина билігінің әлі күнге дейін оларды эвакуацияламағанын айтады. Бұл туралы  Euronews телеарнасының сюжетінде айтылады.

Телеарнаның мәліметінше, Киев билігі өткен аптада ұшақ жіберуі керек болған, алайда кейін рейсті 14 ақпанға ауыстырған. Енді ұшақтың нақты қашан жіберілетіні айтылмай отыр дейді.

«Жаңалықтарда Украина билігінің барлық азаматын Уханнан эвакуациялайды, тіпті гүл шоқтарымен күтіп алады деп айтып жатқан болатын. Бірақ ұшақ сол күйі бізге жіберілген жоқ», - дейді студент қыз Чуйко.

Украиналық студент далаға шығуға қорқып отырғанын айтады.

«Кейбір қыздар жылап-сықтап жүр», - дейді украиналық қыз.

Ал Украинаның премьер-министрі, телеарнаның мәліметінше, ұшақтың таяуда жіберіледі деп уәде берді.

Еске салайық, мұның алдында Уханнан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін екені айтылған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты әлемде 60 386 адам жұқтырған, 1370 адам қаза болған, 6 мыңға жуығы айыққан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир