Францияның ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта ұлттық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үй тауықтары ашудан, қуаныштан және басқа да эмоциялардан қызарып кететінін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Зерттеу Applied Animal Behavior Science ғылыми журналында жарияланды.
Ғалымдар суссекс тұқымын таңдап алған. Құстар Луара аңғарындағы фермада үш апта бойы бақылауда болған.
Бұдан кейін зерттеушілер эксперимент кезінде түсірілген тауықтардың 18 мың фотосуретін таңдады. Ғалымдар терінің қызару деңгейін талдау үшін материалдарды бағдарламаға жүктеді.
Нәтижесінде тауықтар дәмді тағам бергенде аздап қызаратынын, ал жағымсыз оқиғалар туындаса (мысалы, тауықты қуған кезде) бет терісі қызыл түске боялатыны анықталған.
Ғалымдардың пікірінше, тауықтардың қызаруы туралы ақпарат олардың эмоционалдық күйін жақсы түсінуге, сәйкесінше жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: ҚР Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме ашылды