Ең қызығы, осындай "суретші" пілдердің бірінің картинасы АҚШ-тағы аукционда миллион долларға сатылған
Тайландтың Maetaeng Elephant Camp саябағында мекендейтін Суда есімді 5 жасар піл өзінің суретін айнытпай салған. Бұл зообақта өмір сүретін пілдерге сурет салуды үйретуге кәсіби суретшілер шақыртылыпты, деп хабарлайды Stan.kz.
Ең басында Суда қағазда түсініксіз абстракцияларды бейнелеген, біраз уақыттан соң ол өзінің автопортретін салуды үйренген.
Эдинбургтың Непьер университетінің тәлімгері Виктория Кхунапрамоттың айтуынша, зообақтақтағы әрбір пілдің өзіндік ерекше стилі бар көрінеді.
«Олар өздері бейнелеп отырған нәрсеге мұқият қарайды. Мысалы, пілдер гүлдің суретін салар кезде оның жапырақтарын бөлек, гүлдерін бөлек кескіндеп барып, барлығын бір сабақпен қосады», - деді Виктория.
Ең қызығы, осындай "суретші" пілдердің бірінің картинасы АҚШ-тағы аукционда миллион долларға сатылған. Ал бұл суреттерді зообақтың ішінде небәрі 5 долларға сатып алуға болaтын көрінеді.