Словакияда жолда жүріп, аспанда ұша алатын көлік елдің Көлік бақармасынан сертификат алды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Air Car автокөлігі 70 сағаттық қатаң ұшу сынақтарынан өтіп, 200-ден астам ұшып-қону маневрін орындады", – дейді оны әзірлеушілер.
Олардың айтуынша, сертификаттың берілуі жаппай өндіріске ықпал етіп, оны бір саты ілгері жылжытқан.
Ұшу сынақтарының көлемі Еуропа авиация қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) стандарттарына сәйкес келетіні аталып өтті.
Сынақ кезінде автокөлік "ұшақ режимінде таңғажайып статикалық және динамикалық тұрақтылықты көрсетті", – делінген әзірлеушілердің хабарламасында.
Сертификатталған прототип кезеңіне жету үшін 100 000 сағаттан астам уақыт қажет болды.