"Достарынан өзінің қайтыс болғанын естіген": Ер адам өзін "жерлеп" тастағаннан кейін қайтып келді

МИР 24
МИР 24
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияның Шығыс Ява провинциясының тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі өткеннен кейін үйіне қайтып келді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, мұндай жағдайға мотоциклмен құжатсыз жүрген ер адамның апатқа ұшырап, көз жұмғаны себеп болған. Ауыр жарақаттан тіл тартпай кеткен азаматтың денесін тану мүмкін болмапты. Сондықтан полиция оның тұлғасын мотоциклі бойынша анықтауды ұйғарған. Олар мотоциклдің Сунарто есімді 40 жастағы құрылысшыға тиесілі екенін анықтапты.

Артынша полиция Сунартоның туыстарына жерлеу үшін мәйітті береді.

«Туыстары мәйітті жуындырған кезде де оны тани алмады», - дейді полиция басшысы Грабаган Али Канта.

Жерлеу рәсімінен 7 сағат өткеннен кейін Сунарто үйіне қайтып келеді. Ол өзінің «өлімі» туралы жұмысындағы достарынан естіпті.

Сунартоның айтуынша, ол үш ай бұрын Вариим атты танысынан қарыз ақша алып, кепіл ретінде өзінің мотоциклін қалдырған. Аталған жол апатынан дәл осы азамат көз жұмған болуы мүмкін.

Вариимнің туыстары мұндай жағдай туралы естігеннен кейін, олар мәйітті қайта жерлеуді жөнсіз деп тауыпты. Сондықтан қабірдегі тасты ауыстырумен ғана шектелген.



Новости партнеров