Пандемия кезінде қалып қойған азаматтар
Түрікменстан Қазақстан мен Қырғызстанда пандемия кезінде қалып қойған азаматтарын елге қайтарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«2020 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасында уақытша жүрген 100 Түрікменстан азаматы «Гарабогаз» өткізу бекеті арқылы қайтарып, екі апта карантинге жатқызылады», – делінген «Ориент» жергілікті жаңалықтар сайтында.
Сонымен қатар, «Ориент» хабарлауынша, Түрікменстан азаматтығы бар 16 түрікмен азаматы мен Ауғанстанның 2 азаматы Бішкек-Ташкент рейсімен елге қайтарылады. Азаматтар Лебап облысы әкімшілігінің автомобиль көлігі бөлімінің ғимаратында ұйымдастырылған орталыққа 14 күнге карантинге жатқызылады.
Биліктің ресми мәліметі бойынша, Түрікменстанда коронавирус дерегі тіркелмеген. Алайда елде маска тағу режимі мен басқа да шектеулер бар.