Аю зираттан марқұмның денесін ұрлап кетті

Аю зираттан марқұмның денесін ұрлап кетті
Түн ішінде «жоғалған» мәйіт сол күйі табылмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Амурдағы Комсомольск қаласында аю қабірді қазып, марқұмның денесін орманға алып кеткен.

Оқиға Старт кенті аумағындағы қалалық зиратта болды.

Жыртқыш түн ортасында марқұмның денесін қазып алып, орманға жасырынған. Қопарылған қабірдің жанында тек жыртылған киім ғана қалыпты, деп хабарлайды Sputnik.

Басылымның ақпаратынша, мәйіт сол күйі табылмаған.

Аюлар бұл маңда талай рет болған, алайда бұған дейін оларға бірде бір қабірді қазуға жол берілмеген еді. 2015 жылы AmurMedia порталы Старт кентінің аумағындағы зиратта екі Гималай аюы байқалғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері аспанға оқ атып, аңдарды үркіткен. Содан кейін жерлеу рәсімі кезінде кезекшілік ұйымдастыратын болды. Бір жылдан кейін аюлар осы зиратты қайтадан торуылдай бастады.

Ресейде Гималай аюлары Приморье өңірінде, сондай-ақ Якутия мен Хабаровск өңірінің оңтүстігінде кездеседі.

Новости партнеров