Түрікменстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

10.02.2020 17:20

Орта жастағы тағы бір адамда вирустық инфекция белгілері бар

tengrinews.kz

Түрікменстанның Лебапский велаятында Қытайдан эвакуацияланған адамдарға және қытай компаниясының қызметкерлеріне арналған лагерьде коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды sputniknews.kz Turkmen news-ке сілтеме жасап.

Қайтыс болған адам туралы ақпарат барынша құпия сақталған. Оның Қытайдың жоғары оқу орнында білім алған студент екені ғана белгілі.

Орта жастағы тағы бір адамда вирустық инфекция белгілері бар. Ол карантин лагерінде, жағдайы ауыр.

Айта кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. 

Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.