|
01.08.2021 | 13:01
6891

Түркиядағы орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді

Түркиядағы орман өртіне қатысты күдікті ұсталды mymoscow

Түркияның оңтүстігіндегі орман өртіне қатысты күдікті ұсталды. Алапат өртке «Күрдістанның жұмысшылар партиясының» қатысы да болуы мүмкін. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Миластағы өртке байланысты бір адам ұсталды. Осыған дейін айтып келгенімдей, террорлық ұйым басшыларының ормандарды өртеу туралы тапсырмаларынан кейін қызыл жалын шарпыған алқаптардың аумағы 2 есеге артып кетті. Алдында болған өрттің кейбірі дәл осындай бұйрықпен жасалған болуы мүмкін. Сондықтан біз кінәлілерді мейлінше тезірек анықтап, тиісті жазасын беруіміз қажет», – деді Түркия Президенті Pежеп Тайып Ердоған.

Естеріңізге сала кетейік,  28 шілдеде Анталияның Манавгат ауданында өрт шығып, кейін ол басқа аудандарға тарап кеткен еді. Осыған байланысты өрттен зардап шеккен өңірлер апат аймағы деп жарияланды. Бүгінге дейін өрт ошақтарының басым бөлігі сөндірілді.



24.kz


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир