Одан да атып тастаңдар: Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Мен бір нәрседен ғана қорқамын: егер біреудің қаны төгілетін болса, бәрі Жээнбековті Атамбаев әкелді деп айтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экс-мемлекет басшысы қанша қысым көрсе де, елден қашып кетпейтінін айтты.

Кеше Бішкекте 2010 жылғы сәуір оқиғаларында қаза тапқандарды еске алуға арналған митинг өтті. Іс-шараны Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы ұйымдастырды. Негізгі спикерлердің бірі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев болды.

Экс-мемлекет басшысы жарты сағаттық сөзінде қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті әділетсіздігі үшін сынады. Атамбаевтың пікірінше, оның серіктестері қуғынға ұшырап жатыр. Сондай-ақ, саясаткер ІІМ мен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығын заңды бұзбауға шақырды, деп хабарлады Kaktus.media.

«Құдай маған 30 жыл бұрын байлық берді. Мен қала орталығынан мешіт салуға жер таптым. Сол кезде қала төңірегіндегі зауыттардың барлығын сатып алдым, директорлармен келіссөз жүргіздім. Өмірдің барлық қиындығынан өттім. Қазір байлық та, билік те керегі жоқ. Маған Қырғызстанда таза, әділ билік болғаны керек. Жастардың қаны төгілмегені керек. 2005 жылғы наурыз революциясын Бакиев ұрлады, ал қазіргі билік сәуір революциясының жемісін тонап жатыр, мен соған алаңдаймын», - деді Атамбаев.

Оның айтуынша, қазіргі билік еш кінәсі жоқ адамдарды түрмеге тоғытып жатыр. 

«Мені де түрмеге отырғызуға әрекет жасауда. Одан да мені атып тастаңдар, құрбан болуға дайынмын, тек халқымның қаны төгілмесін. Алданып қалдым, өтірік айтпаймын. Конституцияда президент азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатыны жазылған. Алайда ол керісінше шектеп жатыр», - деп мәлімдеді экс-президент.

«Біздің елде ең маңызды нәрсе – тыныштық. Алайда билік осылай жасап, күш құрылымдарын халыққа айдап салатын болса, бәрі басқаша аяқталады. Халықтың ашуы қауіпті, оны тоқтатуға болмайды. Сондықтан да сіздерге тоқтаңыздар деймін... мұны Жээнбековке жеткізгім келеді – бәрін доғар», - деді Атамбаев.

«Мен бір нәрседен ғана қорқамын: егер біреудің қаны төгілетін болса, бәрі Жээнбековті Атамбаев әкелді деп айтады. Билік Атамбаев қашып кетеді деп үміттеніп отыр, алайда менің ауызымды жабудың жалғыз жолы – өлтіру. Түрмеде де үнсіз отырмаймын. Құдайдың алдында, халықтың алдында адалмын, маған қашудың қажеті жоқ. Бұл менің отаным! Мен Ақаев пен Бакиевтің де заманын көрдім. Қантөгіс пен революцияның керегі жоқ. Одан пайда көретін тонаушылар ғана. Халыққа бейбітшілік пен тыныштық керек», - деді Атамбаев митингте.

Новости партнеров