7 сынып оқитын қыз 4 сынып оқитын ұлдан жүкті болып қалды

19.01.2020 17:49

Полиция тексеру жүргізіп жатыр

Ресейдің Красноярск өңіріндегі қаланың бірінде 13 жастағы қыз 10 жасар баладан жүкті болған. Бұл туралы «Комсомольская правда» өз дерек көзіне сілтеме жасап, мақала жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Балалар бөлек мектепте оқиды (қыз 7-сыныпта, ұл 4-ші сыныпта оқиды). Әлеуметтік желіде екеуінің аккаунтында «Азаматтық некеде» деп те көрсетіліп қойған.

«Қыздың жүкті болғанына - 7 апта», - дейді дереккөз.

Полиция бұл оқиғадан хабардар, қазір тексеру жүргізіп жатыр.

«Іс өте күмәнді, 50/50. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл әбден мүмкін нәрсе. Өйткені қыз - 13 жаста, ұл – 10 жаста, екеуі де репродуктивті жасқа енеді. Бірақ интуитивті түрде, мен мынаны айта аламын, өйткені бұл жайттан нақты хабарым жоқ, дегенмен, меніңше, баланы жай «көрсетіп жіберген», ал шынында бұған кінәлі мүлде бөлек біреу болуы ықтимал. Оны «осылай айт» деп мәжбүрлеуі әбден мүмкін ғой. Өйткені, балаға сот жоқ, оны ешкім жазаламайды бұл үшін. Бірақ мұның бәрін, әрине, сараптама арқылы оп-оңай анықтауға болады, солай жасалады да деп ойлаймын. Қарапайым тест бала ұрығының қабілеттілігін анықтап бере алады. Ал генетикалық сараптама баланың әкесі кім екенін нақты аша алады. Сол кезде бәрі өз орнына келеді. Әрине, бұл өте алаңдатарлық жағдай, дегенмен бәрін сараптама көрсетеді, сол кезде бұдан қандай да бір қорытынды жасауға болады», - дейді педиатр Николай Скоробогатов.