Еуразия экономикалық одағына енді Сербия да қосылмақ

21.08.2019 17:51

Сауда секторындағы қарқын 182 миллион тұтынушы, жалпы ішкі өнімі 1,9 трлн АҚШ долларын құрап отыр

Енді Еуразиялық экономикалық одақ аясында Сербия мемлекеті де еркін сауда-саттық жүргізуі мүмкін. Екі айдан кейін келісім-шартқа қол қойылады деп күтілуде, деп хабарлайды 

Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Белградтағы ресейлік елші Александр Боцан-Харченко айтып отыр. Оның айтуынша, Еуразия аумағындағы жаңа нарықтық мүмкіндіктер бар. Бас-аяғы сауда секторындағы қарқын 182 миллион тұтынушы бар, жалпы ішкі өнімі 1,9 трлн АҚШ  долларын құрап отыр.