Қазіргі таңда Роберт Уэйтон Альтон қаласындағы қарттар үйінде тұрады
Жапонияның 112 жастағы тұрғыны Титэцу Ватанабэ қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам британдық Роберт Уэйтон болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz.
Уэйтон 1908 жылдың 29 наурызында дүниеге келген, бір айдан кейін ол 112 жасқа толады. Ол әлі де Гиннестің рекордтар кітабына енбегенімен, дүниеге келген күні расталған әлемдегі ең қарт адам болып саналады.
Қазіргі таңда Роберт Уэйтон Альтон қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Оның екі ұлы, қызы, он немересі және 25 шөбересі бар.
Бұған дейін 12 ақпанда Гиннесс рекордтар кітабына Жердің ең қарт тұрғыны ретінде кірген Ватанабэ Титэцудің қайтыс болғаны хабарланған.
Айта кетейік, әлемдегі ең қарт әйел атағы жапониялық Канэ Танакаға тиесілі. Оның құжатпен расталған жасы -117 жас және 40 күн.