Референдумға дейін:
7
күн
9
сағат
33
минут

Үндістанда найзағайдан жүзден астам адам көз жұмған

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Штат билігі қаза тапқандардың туыстарына 400 мың рупийден төлем берілетінін хабарлад
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы екі күнде Үндістанның Бихар және Уттар-Прадеш штаттарында жүз он адам найзағайдан қаза тапты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Үндістандағы Бихар штатында найзағайдан 83 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейін Уттар-Прадеш штатының билігі бейсенбіде 24 адам қайтыс болғанын, тағы үшеуі сәрсенбіде қаза болғанын мәлімдеді.

Найзағай соққысынан 32 адам зардап шекті. Бихарда 20 адам, Уттар-Прадеште 12 адам жарақат алды. Олардың барлығын күйік шалған.

Премьер-министр Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

«Қатты жаңбыр мен найзағай салдарынан Уттар-Прадеш пен Бихардың кей ауданында бірнеше адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабар келіп түсті. Штат үкіметтері шұғыл көмек көрсетумен айналысады», – деп жазды ол Twitter-де.

Штат билігі қаза тапқандардың туыстарына 400 мың рупийден төлем берілетінін хабарлады. Олар ауа-райы нашар кезде адамдарды мүмкіндігінше үйде отыруға шақырды.

Ал ауа райы департаменті Уттар-Прадеш штатында және солтүстік аудандарда күшті жауын-шашын жалғасады деп болжады.



Новости партнеров